Kyzdar.Net сайтында онлайн жеңгетейлықпен айналысқан топ ұсталды

1218

Олар күніне 2 млн теңгеге дейін табыс тапқан.

Kyzdar.Net сайтында онлайн жеңгетейлықпен айналысқан топ ұсталды Фото: NewTimes.kz

Ішкі істер министрлігі республика аумағында онлайн жеңгетайлықпен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық топ "Kyzdar.Net" интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 млн теңгеге дейін пайда түсіріп отырған. Жалпы ақша айналымы 8 млрд теңге болған, орта есеппен жылына 2 млрд теңгеден асады. Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған.

Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, жауап алынды. Олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады.

Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы туындыға жататыны анықталды, сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған.

Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша 23 млн теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды.

Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 309-бабы ("Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пайдаланушылардың веб-сайтқа қолжетімділігін бұғаттау бойынша шаралар қабылдана бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу