"Қыздардың атынан жалған парақша ашқан": Елордада 3 ер адам сотталды

Олар адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін жазаланып отыр.  

"Қыздардың атынан жалған парақша ашқан": Елордада 3 ер адам сотталды Фото: ЖИ

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми парақшасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Астанада тұратын 3 ер адам Telegram мессенджерінде қыздардың жалған аккаунттарын пайдаланып, ер адамдарды кездесуге алдап шақырып, оларды қаладан тыс жерде ұрып-соғып, "масқаралайтын бейнежазбаларды таратамыз" деп қорқытқан.

Қаскөйлер бопсалау арқылы 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 2,2 млн теңгені иеленген. Олардың бірін микроқаржылық несие рәсімдеуге мәжбүрлесе, ал екіншісінің автокөлігін алып қойған. 

– Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен үш сотталушы адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілердің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді, – делінген ресми мәліметте. 

Елорда прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы танысу кезінде сақтық танытуға шақырады. Сондай-ақ, адам ұрлау және ауырлататын мән-жайларда жасалған бопсалау қылмыстары үшін мүлікті тәркілеумен бірге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгенін қатаң ескертіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу