Қыздарға арналған "Tech girls" бағдарламасы іске қосылды

375

Аталған бағдарлама ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының, "Astana Hub" халықаралық технопаркі мен "Techno Women" коммерциялық емес ұйымының бастамасымен жүзеге асырылуда.  

Қыздарға арналған "Tech girls" бағдарламасы іске қосылды Фото: freepik

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бағдарламаның мақсаты – қыздардың цифрлық білімін арттыру, кодсыз және төмен кодты бағдарламалау негіздерін үйрету және қыздарды STEM-ге тартуға ықпал ету. 

"Бағдарлама аясында қыздар мансапты жоспарлау, құру, сұхбаттан өту және өздері армандаған жұмысқа тұру туралы білім алады. Онлайн режимде өтетін бағдарлама - тегін. Ол 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарға арналған", - деді спикер баспасөз конференциясында. 

Ал былтыр осыған ұқсас бағдарлама - IT-Aiel жобасы сәтті жүзеге асырылды. 18 жастан асқан жұмысқа орналаспаған 2675 әйел аталған бағдарламаға қатысуға өтініш беріп, No Code School, Freelance School, сондай-ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстарын оқыды.

Өтініштердің басым бөлігі Астана қаласынан және Ақмола облысынан келіп түскен – 847, Алматы қаласы және Алматы облысы – 468, Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысы – 275, Атырау қаласы және Атырау облысы 179 өтініш. 

"Қатысушылардың орташа жасы 32 жас болды. Бағдарлама қорытындысы бойынша мыңнан астам адам оқуды аяқтап, өз жобаларын, ІТ өнімдерін, сайт немесе қосымша құрып, электрондық растайтын сертификат алды", - деді Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Алина Әбдірахманова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу