Алып шаһарда 219639 шаршы метрден астам аумақты көгалдандыру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты қалалық экология және қоршаған орта басқармасына сілтеме жасап.
Биыл көпжылдық өсімдіктер бұл алдыңғы маусымдарға қарағанда бір жарым есе көп әрі табиғи ортаға тұрақты, экологиялық тәсілге көшу жолындағы маңызды қадам.
"15 сәуір мен 15 мамыр аралығында қала жағдайына бейімделген раушан, лаванда, шайқурай, гортензия сынды көпжылдық өсімдіктер отырғызылуда. Сонымен қатар, биыл 6 мыңнан астам тік көгалдандыру элементі орнату жоспарланған", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.
2024 жылдың күзіне қарай 15 мың шаршы метрге жуық пияз текті өсімдіктер (қызғалдақтар және басқа түрлер) отырғызылып, қазір гүлденіп тұр. Ауа райы қолайлы болса, қызғалдақтар мамырдың ортасына дейін гүлдеп тұрады.
Жоба қаланың барлық ауданында жүзеге асырылып жатыр. Оған 300-ден астам маман мен 70-тен аса арнайы техника жұмылдырылған.
"Көпжылдық өсімдіктерге көшу жыл сайынғы отырғызу материалын ауыстыру шығындарын азайтып қана қоймайды, сонымен қатар жасыл кеңістіктердің сыртқы факторларға – ауаның ластануына, температураның өзгеруіне және ылғалдың жетіспеушілігіне төзімділігін арттырады. Бұл жайлы және тұрақты қалалық ортаны құру жолындағы маңызды қадам.серге төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – дейді мамандар.