Қызғалдақ жұлған студент қыз 11 миллион теңге айыппұл арқалады

763

Ол Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасына жариялаған. 

Қызғалдақ жұлған студент қыз 11 миллион теңге айыппұл арқалады Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

22 жастағы қыз өзі жұлған қызғалдақпен суретке түсіп, оны желіге жүктеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері "грейг" қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынды әлеуметтік желілер арқылы анықтады. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, желідегі парақшасына жариялаған.

Аталған жағдай сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша полиция бөлімінде тіркелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу