Қызғалдақтың құны 8,7 миллион теңге

1853

6 қызғалдақтың құны 8,7 миллион теңге, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қызғалдақтың құны 8,7 миллион теңге

Түркістан облысында 6  гүл жұлған тұрғынға осыншама айыппұл салынуы мүмкін. Себебі, ол жұлған гүлдер Қазақстанның қызыл кітабына енген "Грейг" қызғалтағы. Негізінде облыстық полицейлер азаматты Бәйдібек ауданының аумағында қырда гүл теріп жүрген жерінен ұстаған. Кейін тексере келе оның Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодексінің 339 бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Ол баб бойынша айыпты екені анықталса, 8 751 000 теңге дейін айыппұл немесе 3 жылға дейінгі  мерзімге бостандығы шектеу қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу