Жалпы, журналистика қауіпті мамандықтардың біріне айналды. Оған негізгі себеп – әскери қақтығыстар, шерулер мен соғыс. Әрі шындықты айту да белгілі бір деңгейде оның сөз бостандығын шектеп, өміріне қауіп әкеледі.
Биыл әлемде 54 журналист қызмет бабында қайтыс болғаны жайлы дерек бар. Қайғылы оқиғалардың дені әскери іс-қимылдар жүріп жатқан елдерде тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта Газа секторы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері үшін ең қауіпті аймақ саналған.
Мұндай деректер "Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының баяндамасында келтірілген. Сондай-ақ, олар 550 журналистің қамауда отырғанын жариялаған. Бұл статистика өткен жылмен салыстырғанда біршама көп. БАҚ өкілдерінің көбі Қытай, Мьянма, Израиль мен Беларусь түрмелерінде жазасын өтеп жатқан көрінеді.