Қызмет бабында қаза тапқан қаһармандардың есімі мекемелік наградаларға берілмек

378

Көшелер мен құқық қорғау мекемелерін батырлардың атымен атауға болады.  

Қызмет бабында қаза тапқан қаһармандардың есімі мекемелік наградаларға берілмек Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мекемелік наградаларға қызмет бабында қаза болған қаһармандардың есімін беру мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен мекемелік наградаларға қызмет бабында қаза болған қаһармандардың есімін беру мәселесін қарастыруды ұсынамын. Сондай-ақ көшелер мен құқық қорғау мекемелерін батырлардың атымен атауға болады.

Мұндай тәжірибе елімізде бұрыннан бар. Лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың есімі Тараздағы орталық көшелердің біріне берілді. Сондай-ақ қаладағы оқу-жаттығу полигоны да батырдың атымен аталған. Таяуда оның өмірі мен ерлігі туралы "Капитан Байтасов" атты көркем фильм көрермен назарына ұсынылмақ", – деді Президент.

Өрт сөндіру кезінде опат болған Асқар Забикулин де елдің есінде, деп атап өтті ол.

"Астанадағы Өрт сөндіру бөліміне және сол бөлім орналасқан көшеге оның есімі берілді. Бұл азаматтарды нағыз бейбіт күннің батырлары деуге болады. Олар ақтық демі қалғанша антқа адал болды, қызметтік парызын өтеу жолында өз өмірлерін құрбан етті", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу