"Қызмет барысында қаза тапқан адамдардың балаларына білім гранты беріледі"

988

Елдегі наразылық акциялары кезінде қызмет барысында қаза тапқан адамдардың балаларына мемлекет білім грантын бөледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Қызмет барысында қаза тапқан адамдардың балаларына білім гранты беріледі" Фото: Максим Морозов

"Әрине, жаппай ереуіл кезінде зардап шеккендер мен олардың отбасына тиісті көмек көрсетіледі. Қызмет барысында қаза тапқан жандардың балаларына білім грантын бөлу туралы шешім қабылданды. Олардың қатарында ішкі істер министрлігі қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен әскерилер бар. Қазір бұл мәселе заң тұрғысынан қаралып жатыр", – деді Әділет Тойбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу