Қызмет көрсету нысанын салған кәсіпкерге жеңілдік жасалады

874

2022 жылдан бастап Қазақстанда жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын ашқысы келетін кәсіпкерлер үшін жаңа мемлекеттік қолдау шараларын енгізу жоспарлануда.  

Қызмет көрсету нысанын салған кәсіпкерге жеңілдік жасалады

Туристік қызмет мәселелері жөніндегі 2021 жылғы 30 сәуірдегі Заңға сәйкес бизнеске жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу бойынша шығындардың бір бөлігі ұлттық стандартқа сәйкес 10% мөлшерінде өтелетін болады. Бұдан бөлек, СГТ ұстауға кететін шығындарды субсидиялау көзделіп отыр. Ай сайын кәсіпкерлер 30 АЕК көлемінде субсидия алатын болады. Мемлекеттік қолдаудың аталған шаралары жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті өз тарапынан автожолдарға бөлінген белдеу шегінде съездер мен шығулар құрылысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ЖМҚС салу үшін дайын асфальтталған демалыс алаңдарын ұсынады.

Айта кетейік, бүгінде республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1738 қызмет көрсету нысаны бар, олардың 63%-ы ұлттық стандарт талаптарына сай келеді. 2021 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 66 %-ға жеткізу көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу