Қызмет көрсету саласы айтарлықтай зардап шекті

639

Экономиканың нақты секторында тұрақты өсу байқалады.

Қызмет көрсету саласы айтарлықтай зардап шекті

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов экономиканы, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы айта отырып, қызмет көрсету саласы зардап шеккенімен, экономиканың нақты секторында өрлеу бар екенін мәлімдеді.

"Қызмет көрсету саласы ең көп зардап шекті. Бұл сала биылғы жылдың алты айында 5,6%-ға төмендеді. Экономиканың нақты секторында тұрақты өсу байқалады. Тауарлар өндірісі 4,1%-ға өсті. Негізгі драйверлар – құрылыс 11,2%-ға, ал өңдеу өнеркәсібі 4,8%-ға өсім көрсетті. Автомобиль жасау 46%-ға, фармацевтика 24%-ға, дайын металл өнімдерінен бұйымдар жасау 20%-ға, жеңіл өнеркәсіп 8%-ға өсті", – деді Руслан Дәленов.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу