Қызмет көрсету саласында тұтынушылар құқығы жиі бұзылады

1043

Қызмет көрсету саласында тұтынушылар құқығы жиі бұзылады

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша елімізде қызмет көрсету саласында тұтынушылар құқығы жиі бұзылатыны анықталды, деп хабарлайды egemen.kz.
Сауалнамаға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 2500 адам қатысты. Респондеттердің 73%-ы елімізде тұтынушылардың құқығы жиі бұзылатынын меңзеді. Бұл жайт әсіресе, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жиі болып тұрады екен (85%). Ең төменгі көрсеткіш Астана қаласында тіркелген. Қатысушылардың 70%-ы осы нұсқаны таңдады. 
Сапасыз тауарлар көп жағдайда киім, техника секілді өнеркәсіптік өнімдерге қарағанда азық-түлік тауарларында жиі кездеседі екен (78%). Облыстар арасында сапасыз азық-түлікті тұтыну бойынша Маңғыстау мен Қостанай көш бастап тұр (84%). Ал ең азы Жамбыл облысында тіркелген (67%). Қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қорының хабарлауынша, елімізде мына мәселелерде заңбұзушылық жиі кездеседі: чек пен бағаның сәйкессіздігі (34%), қызмет көрсетушілердің дөрекілігі (25%), тауар сапасы мен көрсетілген қызметтің сәйкессіздігі (24%), сондай-ақ сатып алушыларға қосымша тауарларды енгізу (28%). 
Сауалнама қорытындысы бойынша, тұтыншулардың құқығы жиі бұзылатын ұйымдар да анықталды. Бұл тұста дүкендер мен бөлшек сауда желілері алда тұр (14%). Одан кейін қоғамдық тамақтану орындары (12%) екінші орында тұр. Ал үштікке қоғамдық көлік, базарлар және пәтер иелерінің кооперативтері енді (9%).     
Респондеттердің басым бөлігі (35%) өзінің тұтынушылық құқығы бұзылса да, ешқайда шағымданбай, жылы жауып қоя салатынын алға тартты. Ал 25%-ы түсінбеушілік болса ортақ келісімге келіп, өзара тіл табысуға тырысатын көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу