Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 3,4%-ға өсті

1093

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев еліміздің соңғы 10 айдағы экономикалық дамуы бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 3,4%-ға өсті

"Биылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,5%-ды құрады. Осы кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсу қарқынының жеделдеуі, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс салаларының экономиканың өсуі мен тұрақтылығының драйвері болып қала беруі, экспорттың жоғары өсім динамикасы, өндіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділіктің сақталуы байқалды", – деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, қаңтар-қазан аралығында нақты сектордағы өсім 2,9%-ды құрады. Ал қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін өсті.

"Салалар арасында ақпарат және байланыс, сауда, сумен жабдықтау, құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетіп отыр", – деді Әcет Ерғалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу