Қаңтар, қыркүйек айлары аралығындағы көрсеткіштерді тілге тиек еткен министр экономикалық өсім 3,4%-ға жеделдегенін жариялады.
"Есептік кезеңде қызмет көрсету секторында оң динамика байқалып, сауда балансының оң сальдосы тіркелді. Бұған қоса өңдіруші емес секторда
жоғары инвестициялық белсенділік аңғарылды. Өткен 9 айда нақты сектордағы өсім 3,5%-ға жетті", – деді Әсет Ерғалиев.
Оның сөзінше, қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік 2,9%-ға ұлғайды.
"Ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетті. Ауыл шаруашылығы саласында да оң жоғары өсім байқалды", – деді Әсет Ерғалиев.
Қанат Махамбет