Қызметін пайдаланып кәсіпкерді бопсалаған шенеунік сотталды

679

Қызметін пайдаланып кәсіпкерді бопсалаған шенеунік сотталды

Павлодарда кәсіпкерді қыспаққа алып, есепшотын заңсыз бұғаттаған шенеунік сотта кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Сот барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының заңгері мен шағымданушы тарап, мемлекеттік қызметшінің әрекетін әбден әшкереледі. Енді, Павлодар қалалық сәулет және құрылысты жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі 250 мың теңге айып төлейтін болды.

Еске салайын, даулы оқиға жазда басталған болатын. 21 маусым күні техникалық қызмет стансасына көлігін жөндеткен Павлодар қалалық сәулет және құрылысты жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Жанкелді Шалғымбаев жеңілдік жасауды сұрайды. Ол бизнесменге өзінің қажет адам екенін айтқан. Әйтсе де кәсіп иесі онымен келіспепті. Ертеңінде-ақ қысым басталып, сыртқы жарнамаға салық төлеу жөнінде Шалғымбаевтың қолы қойылған ескертпе келеді. Артынша, салық органдары арқылы кәсіпкердің барлық есеп шотын бұғаттап тастаған. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент пен кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінген бизнесмен істі сотқа жеткізді. Бірнеше айға жалғасқан процесс барысында шенеунік Шалғымбаевтың ісі толығымен заңсыз деп танылды. Енді ол айыппұл төлеп қана қоймай, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жазаланады.

"Бірінші инстанцияны жеңдік. Шалғымбаевты 173-бап бойынша кінәлі деп танып, оған 240 мың 500 теңге айыппұл салды. Біз енді материалдық шығынды өндіріп алу үшін азаматтық шағым түсіреміз. Сонымен қатар, Шалғымбаевқа қатысты тексеріс басталды. Қосымша тағы бір тергеу болады. Өйткені, оның хаттарға жауап беретін құзіреті болмаған", - дейді кәсіпкердің өкілі Елена Вардугина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу