Қызметінен босатылған Павлодардың экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

1121

Ержан Иманзаипов облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.  

Қызметінен босатылған Павлодардың экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды Фото: gov.kz

Ол 2023 жылдың тамыз айында қарамағындағылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда дұрыс жұмыс істемегені үшін қала әкімі қызметінен босатылған болатын.

Тиісті ақпарат департаменттің ресми сайтында пайда болды.

Ержан Иманзаипов 1984 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2006 жылы Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік жылу энергетикасы инженері мамандығы бойынша бітірген; 2010 жылы – Алматы экономика және статистика академиясы, қаржы мамандығы.

Сондай-ақ, ол Индустрия және сауда министрлігінде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде қызмет атқарды, Екібастұз қаласының әкімі болды. Ағымдағы жылдың тамыз айында қол астындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны, қала тұрғындары үшін маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына байланысты Павлодар қаласының әкімі қызметінен Ержан Иманзипов босатылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу