Қызметінен кеткендердің қатары 4,5%-ға өсті

999

Қазақстанда ірі және орташа компанияларға жұмысқа қабылданғандардың саны бір жылда 0,3%-ға қысқарса, қызметінен кеткендердің қатары 4,5%-ға өскен. 

Қызметінен кеткендердің қатары 4,5%-ға өсті

Жұмысшылардың қызметінен кетуі әсіресе сауда, мейрамхана, қонақүй және дәмхана сегменттерінде тіркелген. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады.

2019 жылдың төртінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша, елдегі ірі және орташа компаниялар қызметкерлерінің саны 2,8 млн болды. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 2,1%-ға артық.

Былтыр қаңтар және желтоқсан айлары аралығында мұндай компаниялар 803,7 мың адамды жұмысқа алған. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 0,3%-ға кем. Ал қызметінен кеткендердің саны 804,1 мың болды.

Ірі және орташа компанияларға көп жұмысқа тұрған қалалардың қатарында Алматы (182,8 мың), Нұр-Сұлтан (93,7 мың), Атырау облысы(72,1 мың) бар.

Ал жұмыстан кеткендер көп тіркелген қалалар: Алматы – 179 мың адам, Нұр-Сұлтан - 91,4 мың адам, Қарағанды облысы – 69,9 мың адам.

Жұмыстан кетуі себептері: өз еркімен (82,1%), жұмысшылар санын қысқарту(2,1%), еңбек тәртібін бұзу(1,1%).

2019 жылдың қаңтар және желтоқсан айларында жұмысшылардың қызметінен кетуі 23,6% , ал қызметкерлердің орнына басу коэффиценті 99,9% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу