Қызметкерлер жалақысы бойынша берешек көлемі 2,7 млрд теңгеге жетті

571

Жалпы елімізде 26 мың қызметкердің жалақысы төленбегені анықталды.

Қызметкерлер жалақысы бойынша берешек көлемі 2,7 млрд теңгеге жетті

Қазақстанның еңбек нарығы пандемияның салдарын әлі де тартып отыр. Finprom.kz басылымының мәліметі бойынша, 2020 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5%-ға көтеріліп, 454 мың адамның нәпақасыз қалғаны тіркелген. Бұл – соңғы жылдардағы ең төмен көрсеткіш. 

Сонымен қатар экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты көптеген кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы төлей алмай отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2020 жылдың 1 қазанына дейін 25,9 қызметкердің еңбекақысы төленбегені, бұл соманың 2,7 млрд теңгеге дейін жеткені анықталды. Мұндай кәсіпорындардың басшыларына 511 арнайы нұсқама беріліп, 71,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Осы шаралардың нәтижесі бойынша, яғни жалақы бойынша берешекті өтеудің кестелері мен мерзімдері белгіленген соң, 24,7 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалып, оларға 2,76 млрд теңге төленді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу