Қызметкерлерден пара алған “Өзенмұнайгаздың” кәсіподақ төрағасы сотталды

353

Ол жемқорлық әрекеті үшін жазаланды.

Қызметкерлерден пара алған “Өзенмұнайгаздың” кәсіподақ төрағасы сотталды Фото: lada.kz

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен "ӨзенМұнайГаз" АҚ №2 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының кәсіподақ төрағасы Қ. Мамаевқа 1,5 млн. теңге көлемінде пара беруге және алаяқтық жасауға итермелегені үшін 30 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. 

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте, судьяда, жергілікті өзін-өзі басқару лауазымдарын атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Ол №2 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының көлік жүргізушісін қызметтен босатпай, слесарь лауазымына ауыстыру үшін лауазымды адамдарға ақша беремін деген желеумен 1,5 млн теңге көлемінде пара алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу