Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері деп танылған салық төлеушілер үшін:
- жеңілдетілген декларация негізінде;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін;
- шаруа немесе фермер қожалықтары үшін
- қызметкерлердің табысынан жеке табыс салығын (ЖТС) және әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу мен аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды оңайлату мақсатында жалақыдан бірыңғай төлем алынатын болады.
Мұндай тәртіпке ерікті түрде көшуге болады.
Бірыңғай төлемге: жұмыскерлердің табысынан ЖТС, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жарналар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар кіреді.
2023 жылы Бірыңғай төлем ставкасы еңбекақы төлеу қорының 20%-ын (оның ішінде ЖТС үлесі -9%) құрайды (ставканы кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген: в 2024 — 21,5%, 2025 – 23,8%, 2026 – 24,8%, 2027 – 25,8% және 2028 - 26,3%). Бірыңғай төлемді есептеу кезінде әлеуметтік төлемдер бойынша белгіленген жеңілдіктер ескеріледі.
Бірыңғай төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының шотына бір төлеммен аударылады, ол төлемдерді белгіленген тәртіпке сәйкес бөледі және бірыңғай төлем төлеушілердің есебін жүргізеді.