Қызметкерлерін оқытатын компаниялар үшін салық жеңілдіктерін беруді қарастыру ұсынылды

222

Соңғы жылдары Қазақстан орнықты даму стратегиясының негізі ретінде ESG  қағидаттарын белсенді енгізіп келеді. 

Қызметкерлерін оқытатын компаниялар үшін салық жеңілдіктерін беруді қарастыру ұсынылды Фото: parlam.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Сенатта өткен Парламенттік комиссия отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Светлана Жақыпова еңбек нарығында ашықтықтың болмауы өзекті мәселелердің бірі екенін айтты.

"Бүгінгі таңда көлеңкелі экономикада көптеген адамның "конверт" арқылы жалақы алатынын білеміз, сәйкесінше әлеуметтік кепілдіктер де болмайды. Ашықтық жоқ деп айтқан кезде жаңа жұмыс орындарын ашу да үлкен бір мәселе болып отыр. Мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде осы рәсімдерге қатысатын жеткізуші өзінің бұрынғы қызметкерлерін жұмыстан шығарып, тендерге келеді. Содан кейін ол жаңа 100 жаңа жұмыс орнын ашамын деп айтады. Кейін мемлекеттік сатып алулар жөніндегі тендерде жеңіске жеткен соң, бұрынғы адамдарды қайта жұмысқа алып, осылайша 100 жаңа жұмыс орнын ашқаны туралы есеп береді", - деді ведомство басшысы.

Министр осы мәселенің шешімі ретінде бірқатар ұсыныс тастады. Оның ішінде штат кестесін декларациялау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жүйелерінен электрондық еңбек шарттарын растау, министрліктің жүйелерінен біліктілікті растау бар.

"Бәлкім, егер жұмыс беруші өзінің қызметкерлерін оқытып, сертификаттаудан өткізген жағдайда қандай да бір салық жеңілдіктерін қарастыру керек шығар. Сонымен қатар мұндай кәсіпорындарға мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысқан кезде қосымша бонустар беруге болады. Десек те, адами капиталды дамытуға инвестиция құймайтын, өз қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттырмайтын кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізе алмайды. Осы арқылы мемлекеттік сатып алулар рәсімдеріне тың серпін бере аламыз", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу