Қызметкерлеріне үй салған жұмыс берушілерге субсидия төлеу жүйесі енгізілмек

804

Мамыр айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табысы шектеулі 70 мыңға жуық азаматтың баспана мәселесін бір мезгілде шешу үшін нарықтан үйді жалға алғаны үшін тұрғын үй төлемін беру тетігі іске қосылады. Сондай-ақ кезекте тұрғандар үшін 10% бастапқы жарнамен және 2-5% мөлшерлемемен "Отбасы банк" арқылы кредиттік тұрғын үй және жеңілдікті несие беру жалғасады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қызметкерлеріне үй салған жұмыс берушілерге субсидия төлеу жүйесі енгізілмек

Министрдің айтуынша, биыл тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жалға беруді қарастыратын жастар бағдарламаларын 7 өңірде – Шымкент, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ "ауылдық жерлерден мамандардың кетуін азайту үшін қызметкерлеріне үй салған жұмыс берушілерге субсидия төлеу жүйесі енгізілмек".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу