Атыраудың Индер ауданында прокуратура күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасындағы дәстүрлі спорттық сайыстар биыл да жалғасын тапты, деп хабарлайды atpress.kz.
Волейболдан бас жүлдені прокуратура командасы жеңіп алды. Жүлделерді аудандық ішкі істер мен төтенше жағдайлар бөлімі бөлісті.
Қызметшілер қой көтеруден де сайысқа түсті. Сыр көзге ұсақ малды көтеру оңай көрінгенімен, оны 120 рет көтеру кез келген жігіттің қолынан келе бермесі анық. Осындай нәтиже көрсеткен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Руслан Дүйсебалиев бас жүлдеге тігілген қойға ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу