Қызметтен кеткен Руслан Желдібай мәлімдеме жасады

427

Руслан Желдібай 2026 жылғы 29 қаңтарда өзінің Facebook парақшасында жазба жариялап, қолдау көрсеткендерге алғысын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызметтен кеткен Руслан Желдібай мәлімдеме жасады Фото: facebook./ruslan.zheldibay

"Бүгін осыған дейін атқарып келген Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы қызметін ресми түрде аяқтадым. Осы кезеңде Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттерді тиісті деңгейде орындауға барынша күш салдым. Қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін береді деген сенімдемін", – деп жазды Руслан Желдібай.

Мемлекеттік қызметті жауапкершілік ретінде қабылдайтынын тілге тиек етті.

"Болашақта да кәсіби тәжірибемді ел мүддесіне, отанымызды дамытуға пайдаланамын. Баршаңыздың жылы лебіздеріңізге, алғыстарыңызға рақмет!" – деп жазды Руслан Желдібай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу