Қызметтен кеткенмен жазадан жалтармайды

844

Қызметтен кеткенмен жазадан жалтармайды

Пара алды деген айып тағылған Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Аленов жұмыстан босату туралы арыз жазды. Осыған қатысты Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пікір білдірді, деп хабарлады Алтайньюс.

Әкімнің айтуынша, Марат Аленов қызметтен кеткенмен, жазадан жалтара алмайды.

"Баршаға мәлім, Марат Аленовтің үстінен ағаш шабуға рұқсат беріп, пара алғаны туралы іс қозғалған. Ол осы оқиғадан соң жұмыстан кетуге арыз жазды. Бір қызығы, ізінше тағы екі адам жұмыстан кетіп отыр. Екеуі де осы бөлімнің қызметкерлері. Қазіргі уақытта аталмыш бөлімді және тұрғын үй инспекциясын толықтай тексеріп шығу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамында депутаттар корпусы да бар, – деді Ермак Сәлімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу