Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге ескерткіш орнатылды

757

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/12 мекемесі аумағында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге ескерткіш орнатылды

Қазақстан полициясына 30 жыл мерекесі қарсаныңда Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/12 мекемесінде қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткіштің ашылуы салтанатты түрде өтті.

Іс-шараға ІІМ ҚАЖК ардагерлер кеңесінің төрағасы Ихсат Дюсембин, Алматы қаласының ҚАЖ ардагерлер кенесінің төрағасы Ерғали Сағалбаев, Алматы облысы бойынша ҚАЖ ардагерлері, мамандандырылған прокуратура және Ұлттық ұлан өкілдері, Әділет Департаментінің және Төтенше жағдайлар Департаментінің басшылығы, Алматы облысында қызметте қаза тапқан ҚАЖ қызметкерлерінің жақындары шақырылды.

Сонымен қатар ҚАЖ департаментінің және оған бағынысты мекеме басшылығымен жеке құрамы қатысты.

Мерекелік шара ҚР мемлекеттік Әнұран орындауымен басталып, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Қызметтік борышын атқару уақытында қаза болған қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты іс-шараны өткізу барысында озат қызметкерлер Ішкі істер министрінің, ҚАЖ Комитетінің төрағасының және ҚАЖД бастығының медальдарымен, төс белгі мен грамоталарымен марапатталды. Мерекелік шара салтанатты концерттік бағдарламамен жалғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу