Қызметтік ит алтын бұйымдар ұрлығының бетін ашуға көмектесті

483

Келтірілген залал сомасы 70 мың теңгені құрады. 

Қызметтік ит алтын бұйымдар ұрлығының бетін ашуға көмектесті Фото: polisia.kz

15 қаңтарда Степногорск қаласының Полиция басқармасына 48 жастағы жергілікті тұрғын 14-15 қаңтар аралығында үйден белгісіз адам алтын бұйымдарды: неке сақинасы мен әйелдер білезігін ұрлады деген өтінішпен жүгінді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өтініш берушінің айтуынша, ол бір күн бұрын үйге су ішуді өтінген әйелді кіргізген. Алкоголь өнімдерін бірге ішкеннен кейін өтініш беруші ұйықтап кеткен, ал оянғанда зергерлік бұйымдардың жоғалғанын анықтап, полицияға хабарлады.

Күдікті “ізі суымай” табылды. Оқиға орнына құрамында Саят Кенесар кинологы мен Джесси лақап есімді қызметтік-іздестіру иті бар жедел-тергеу тобы жіберілді. Ізді сенімді түрде алған Джесси тәртіп сақшыларын ұрлық жасағаннан кейін қаскүнем барған көрші подъездегі пәтерлердің біріне алып келді. Ол бұрын сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу