Қызметтік көлікті жеке шаруасына пайдаланған шенеуніктер жазалана бастады

905

 Қызметтік көлікті жеке шаруасына пайдаланған шенеуніктер жазалана бастады

Қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланған мемлекеттік қызметшілер жазалана бастады. Бұл туралы еліміздің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Агенттіктегілер қызметтік этиканы бұзуға, яғни мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөлікті пайдалануына жол бермеу үшін тұрақты түрде рейд өткізуді қолға алып отыр. Қазіргі уақытта 20 факті анықталған, оның ішінде 9-ы Солтүстік Қазақстан облсында, Маңғыстау облысында 4, Павлодар облысында 4 және 3 оқиға Ақтөбе облысында тіркелген. Осы фактілер бойынша мемлекеттік органдарға кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде хаттар жіберілген. Айта кетейік бұл жұмыс барлық облыстарда жалғасатын болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу