Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

4797

Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін Қарағанды облысында әскери саланың 600 қызметкері Ерубаев көшесінің бойымен шеру құрды. Аталмыш парад Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналды, egemen.kz.
Салтанатты жиын қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен ашылды.

Әр жылдарда қаншама полиция қызметкері қандықол қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. 2008 жылы полицей Қайрат Жұмабеков балаларды құтқару үшін өз ғұмырын қиған болатын. Жалған дүниемен қош айтысқан тәртіп сақшыларына аспанға үш мәрте оқ атып, бір минут үнсіздік жариялау арқылы құрмет көрсетілді.

"Биыл біз көптеген жұмыстарды атқардық. Бірнеше қалалар мен аудандарда ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған мемориалдық тақталар мен әскери даңқ мұражайлары ашылды. Мен өз атымнан атқарушы органдар мен депутаттық корпусқа көрсеткен қолдаулары үшін зор алғыс білдіргім келеді. Мереке қарсаңында облыс әкімі 103 машинаның кілтін табыстады" – деді Қарағанды облысы ІІД бастығы Мергенбай Жаппаров өз сөзінде.

Сөз соңында ол Қарағанды облысы ІІД жеке құрамы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін салатынын тілге тиек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу