"Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған": Комадағы сарбаздың ісіне қатысты тергеу басталды

316

Комадағы сарбаздың жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр.

"Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған": Комадағы сарбаздың ісіне қатысты тергеу басталды Фото: azattyq.org

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында комаға түскен 19 жастағы сарбаздың жағдайын айтып, тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, комадағы сарбаздың жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр.

"Қазір әскери қызметкер Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальда жатыр. Оған барлық қажет медициналық көмек көрсетілген. Әскери дәрігерлер мен басқа да мамандар оны тексеріп, барлық қажет шараны жүргізіп жатыр. Бүгінде оның жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр. Бірақ жақсару бар", – деді ол.

Руслан Жанғұлин бұл факті бойынша сержантқа қатысты тергеу басталғанын айтты.  Жангулиннің айтуынша, ол "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған".

Айта кетейік, жарақат алған сарбаздың ата-анасы жас жігіт сержанттың аяусыз соққысынан кейін комаға түскенін мәлімдеді.

"Бүгінде әскери-тергеу органдары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған әскери қызметкерге қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу