Қызметтік тексеруден соң "Алматы дарыны" басшылары жұмыстан босатылды

1009

Орталыққа қатысты ата-аналардан шағым түскен.

Қызметтік тексеруден соң "Алматы дарыны" басшылары жұмыстан босатылды

Алматыда ағылшын тілінен қалалық Олимпиада нәтижелеріне қатысты дау-дамайға байланысты "Алматы дарыны" орталығының басшысы мен оның орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтемемен.

Алматы қаласының тұрғыны Игорь Сабитов Facebook-тегі парақшасында қызы ағылшын тілінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде бірінші орын алып, кейін нәтижиелердің өзгеріп кеткені туралы жазды.

"Менің қызым қалалық олимпиадада ағылшын тілінде жеңіске жетті. Бірақ бір күннен кейін оның жеңе алмағаны белгілі болды", - деп жазды ол.

Қалалық білім басқармасы ата-аналардың шағымынан кейін қызметтік тексеру жүргізді.

"Игорь Сабитовтың және қалалық олимпиадаға қатысты түскен басқа да өтініштерге сәйкес, қызметтік тергеу жүргізілді. Ол "Алматы дарыны" қалалық орталығы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін дұрыс орындамауы фактілерін растады", - деді білім басқармасының бастығы Ләззат Жылқыбаева.

Білім басшысының сөзінше, комиссия сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ.

"Арнайы құрылған комиссия сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Алайда көптеген техникалық қателіктер болған. Осыған байланысты орталықтың басшысы мен орынбасары қызметінен босатылды",- дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу