"Қызыл аймақта" әлі төрт өңір тұр

932

2021 жылғы 29 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы.

"Қызыл аймақта" әлі төрт өңір тұр

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 688 жағдайы тіркелді. Осылайша елге індет келгелі 383 595 адам ауырған, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Оның ішінде ең көп жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді – 290 адамнан инфекция анықталған. Қарағанды облысында да жұқтырғандар саны көп – 260 адам, ал Алматы қаласында – 252 адам. Аталған үш өңір де "қызыл аймақта". Сондай-ақ, Ақмола облысы да "қызыл" белдеуде.

"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, "жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу