Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 1837 жағдайы тіркелген. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 362 030-ға жетті. Сонымен қатар өткен тәулікте 2500 қазақстандық коронавирустан айықты. Жазылғандардың жалпы саны – 320 241.
18 мамырдағы мәлімет бойынша, коронавирустан (37 694 КВИ+ және 457 КВИ-) 38 151 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 13 768 пациент стационарда, 24 383 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
"756 адамның жағдайы ауыр, 192 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында қосылған", - деп жазылған хабарламада.
2021 жылғы 17 мамырдағы мәлімет бойынша COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырудың 1 дерегі тіркелген, 3 адам аурудан көз жұмған, 50 адам аурудан жазылған.
Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
⠀
"Сары аймақта:" Шымкент қаласы, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары.
⠀
"Жасыл аймақта": Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.