"Қызыл аймақтағы" өңірлер саны азайып келеді

603

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қызыл аймақтағы" өңірлер саны азайып келеді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде "қызыл аймақта" 7 өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.

"Сары аймақта": Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл аймақта": Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 093 дерегі тіркелді. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 864 955 жетті.

3 509 адам коронавирустан айықты. Елімізде барлығы 793 903 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

21 қыркүйектегі мәлімет бойынша 68 803 адам коронавирустан емделі жатыр. 

"Олардың ішінде 12 381 пациент стационарда, 56 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 987 адамның жағдайы ауыр, 261 пациенттің жағдайы өте ауыр, 143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 58 адам қайтыс болды.

2021 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 334 870 адам, екінші компонентін 6 201 253 адам салдырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу