Америка мен Канаданың геофизиктері Қызыл ғаламшардан (Марс) мұз болып қатқан теңіз тапты, деп жазады дереккөзге сілтеме жасаған egemen.kz.
Утопия жазығында 1-10 метр тереңдікте орналасқан теңіздің 50-80 пайызы мұз болып қатқан судан тұрады. Мұз болып қатқан су қоймасының қалыңдығы 80-170 метр болса, көлемі 14,3 мың шақырым.
Ғалымдар бұл теңізді MRO (Науs Reconnaissance Orbiter) орбита станциясының SHARAD (Shallow Radar) радиолокаторының көмегімен тапқан.
MRO аппараты Қызыл ғаламшарға 2005 жылы жіберіліп, ол діттеген жеріне 2006 жылы жеткен болатын. Ал 2008 жылы негізгі тапсырма аяқталғанмен, Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма істі ары қарай жалғастыруды дұрыс деп шешті. Ғаламшардың беткі қабатын суретке түсіргеннен бөлек бұл аппарат Науs Rover арқылы Жерге дабыл беруге септігін тигізеді.