Қызыл кітапқа енген құстарды табыс көзіне айналдырғандар жаппай тексеріледі

1040

Алматылықтар Медеу тау шаңғысы курортында қор болған бүркіттің тағдырына алаңдаулы, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қызыл кітапқа енген құстарды табыс көзіне айналдырғандар жаппай тексеріледі

Кәсіркерлер құспен суретке түсу үшін демалушылардан ақы алып, оны табыс көзіне айналдырған. Әлеуметтік желіде жарияланған бейне кең талқыға түсті. Ғаламтор қолданушылары Қызыл кітапқа енген жануардың тұтқында және қолайсыз жағдайларда ұсталғанына наразы. Бұл жайт бойынша Алматы облыстық  жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкері тексеру жұмысын бастаған. Алайда олар орнында болмай шыққан. Жауапты ведомство істі бақылауға алып, барлығы жан-жақты тексерілетінін айтады.  Егер қызыл кітапқа енген құстың иесінде арнайы құжаттары болмаса, оған қомақты айыппұл салынады немесе мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу