Қызыл кітапқа енген жабайы құстар еркіне жіберілді

2695

Босатылған дуадақтар еліміздің табиғи жағдайларына бейімделгенше қорық қызметкерлерінің жіті қадағалауында болады.

Қызыл кітапқа енген жабайы құстар еркіне жіберілді Фото: otyrar.kz

Маңғыстау облысында халықаралық Қызыл кітапқа енген жабайы құстар  табиғатқа жіберілді, деп хабарлайды 24.kz.

Абу-Даби тәлімбақтарында өсірілген 600 дуадақ Қазақстанға ұшақпен жеткізілді. Аталған шара екі ел арасындағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асып отыр.

Құстар "Кендірлі-Қаясан" қорық аймағында ұшырылды. Оларға қозғалысы туралы ақпарат беретін спутниктік қондырғылар кигізілді. Бұл дуадақтардың қайда жүргенін бақылауға мүмкіндік береді.

Босатылған дуадақтар еліміздің табиғи жағдайларына бейімделгенше қорық қызметкерлерінің жіті қадағалауында болады.

Қазақстанда қолда өсірілген құстарды табиғи ортаға шығару 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді.

 "Дуадақ құстарының қоршаған ортаға пайдасы өте зор. Былтыр мамыр айында осы өлкеге 500 құс әкеп, ұшырғанбыз. Биыл оның саны тағы 100-ге көбейді",– дейді эколог Эрик Леньюс (БАӘ).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу