"Қызыл көлге" баруға тыйым салынды

2137

Ерейментау ауданындағы Көбейтұз, Кұрбет, Теңіз, Қоржынкөл және басқа да көлдерге баруға тыйым салынды.

"Қызыл көлге" баруға тыйым салынды

Ақмола облысы Ерейментау ауданында бірқатар көлге баруға тыйым салынды, оның ішінде тұрғындар арасында "қызыл көл" атанып кеткен Көбейтұз көліне де жол жабылды, деп хабарлайды әкімдік.

Ерейментаудың әкімі мен мобильді бақылау тобы Көбейтұз, Теңіз көліне рейд өткізіп, демалыс күндері адам көп жиналатынын анықтаған. Аудан әкімі Абай Алжанов қатысқан жедел штаб отырысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Көбейтұз, Кұрбет, Теңіз Қоржынкөл көлдеріне баруға тыйым салуға шешім қабылданды.   

"Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының өсуіне байланысты және Ақмола облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 04.07.2020 жылғы № 86 бұйрығына сәйкес "Аумақта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы", Ерейментау ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін  аудан аумағында орналасқан Көбейтұз, Кұрбет, Теңіз, Қоржынкөл және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады",– деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу