Қызыл су өзенінің жағасында құжатсыз 105 кг балық тасымалдаған тұрғын ұсталды

241

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаудың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді. 

Қызыл су өзенінің жағасында құжатсыз 105 кг балық тасымалдаған тұрғын ұсталды Фото: Толқын

Рейд барысында Қызыл су өзенінің жағасында құжатсыз 105 кг балық тасымалдаған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Балық аулау ережелерін бұзған барлығы 7 адам анықталды, оның ішінде 5 адам ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігі бойынша (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігі бойынша (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз сатып алу, өткізу, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) жауапкершілікке тарту үшін 2 адамға қатысты материалдар құқық бұзушылық жасалған жердегі соттарға жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу