11 қазанда Сауд Арабиясының Джидда деп аталатын порттық қаласы маңында ирандық танкер жарылды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Ресми дерекке сүйенсек, танкер Иранның Ұлттық мұнай компаниясына тиесілі. Оқиға Джидда қаласынан 96 шақырым жерде болған. Жарылыс салдарынан танкерге зақым келіп, мұнай Қызыл теңізге құйылған, деп хабарлады ISNA агенттігі.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу