Қызыл теңізде соғыс басталды

334

Maersk Gibraltar контейнер тасымалдаушы кемесі хуситтермен басып алынғаннан кейін, Йемен еліне бағытын өзгертті. 

Қызыл теңізде соғыс басталды Фото: oilcapital.ru

Бүгін хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазында танкерге шабуыл жасап, артынша Аден шығанағындағы контейнер тасымалдаушы кемені басып алды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Нефть Капитал порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметтер бойынша, алғашқы шабуыл таңертең жасалды. Америкалық эсминец Үндістанның Мангалорынан Суэц каналына қарай жүзіп бара жатқан Маршалл аралдарының жалауындағы Ardmore Encounter танкерінен апат туралы сигнал алды. Ол моторлы қайықтар шабуылдағанын хабарлады.

Сонымен қатар, америкалық эсминец көмекке келіп, Йемен аумағынан ұшырылған дронды атып түсірді.

Бұдан бөлек, хуситтер танкерлерге зымыранмен оқ жаудыра отырып, кері шегінді. Жауған оқ дәл тимей, эсминец пен танкер экипажы зардап шеккен жоқ.

Ал кешке қарай хуситтер операциясы сәтті болды, бірақ бұл жолғы шабуыл солтүстікке қарай – Аден шығанағына жасалды.

Бұл жолы теңіз қарақшылары Оманнан Сауд Арабиясына Гонконг туымен жүзіп бара жатқан Maersk Gibraltar контейнер кемесінің бағытын өзгертуге мәжбүрледі. Қазір кеме Йемен аумағына, Аден портына бет алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу