Мысырдың Марса-эль-Алам қаласы маңында Қызыл теңізге батып кеткен туристік яхта бортында 13 елдің азаматтары болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қызыл теңіз провинция губернаторы генерал-майор Амир Ханафи тірі қалғандар қаланың оңтүстігінде, Вади-Эль-Гемал аймағында табылғанын жеткізді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
"Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, туристік кеме бортында 13 елдің азаматтары болған, атап айтқанда, Мысыр, Германия, Испания, Бельгия, Қытай, АҚШ, Словакия, Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Норвегия, Ирландия және Финляндия азаматтары", – деп жазады РИА Новости.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу