Қызылқоға ауданында көпірді тасқын су шайып кетті

277

Атырау облысы, Қызылқоға ауданында тасқын судың салдарынан көпір бүлінді.  

Қызылқоға ауданында көпірді тасқын су шайып кетті Фото: Видеодан скриншот

Ойыл өзенінің арнасынан асқан су әлі тоқтаған жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты аудандық әкімдікке сілтеме жасап.

Тасқын су салдарынан бүлінген көпір Миялы мен Жангелдин ауылдары аралығында салынған.

"Әлеуметтік желіде аудан маңындағы көпір және ауылішілік жолдың бұзылғаны туралы фото-бейнежазба тарап жатыр. Осындай ақаулар алдағы уақытта да анықталуы мүмкін. Қызылқоға ауданына төтенше жағдай енгізілді. Оның аясында бұзылған нысандар ақауы анықталып, жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар көктемгі өр суының келу кезеңі өткен соң басталады", - деп хабарлады әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу