Қызылқоға ауданында мың гектар жер өртенді

894

Қызылқоға ауданында мың гектар жер өртенді

Атырау облысының Қызылқоға ауданында 1 мың гектар жер өртеніп кетті. Тілсіз жау Көздіғара селолық округіне қарасты "Мортық" жер телімінен басталған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, аптап ыстықтан құрғақ шөп тұтанған. 8 тамызда, сағат 13.50-де басталған өрт сағат 23.20-да толық өшіріліпті. Қызыл жалынмен күреске төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы орган және ерікті өрт сөндірушілер бар, барлығы 53 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ, арнаулы 15 техника тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу