Қызылорда облысының басты дақылы күрішке орақ түсті, деп хабарлайды syrboyi.kz.
Шиелі ауданы Керделі ауылдық округіне қарасты "Халық" фермер қожалығының алқабында науқанның басталуы салтанатпен аталып өтті. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы шарада құттықтау сөз сөйлеп, диқан қауымына сәттілік тіледі.
Н.Бекежанов ауылындағы "Халық" фермер қожалығы - аудандағы іргелі шаруашылықтың бірі. Шаруашылық биыл жалпы 1445 гектар жерге егін ексе, оның 800 гектары күріш алқабы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу