Қызылорда әкімдігі 63 жасанды өкпе аппаратына тапсырыс берді

811

COVID-19-бен күреске қызылордалық кәсіпкерлер атсалыса бастады. 

Қызылорда әкімдігі 63 жасанды өкпе аппаратына тапсырыс берді

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті кәсіпкерлер COVID-19 індетімен күресте қолдау көрсетіп жатқанын атады. 

"Облыстағы 76 өкпені жасанды желдету аппаратының үстіне маусым айында  қосымша 20 портативті аппарат алынып, тағы 63-іне тапсырыс берілді. Осы аппараттарды алуға жергілікті кәсіпкерлер қолдау білдіруде. Вирусқа қарсы препараттар бар. Алайда дистрибьютерлер тарапынан тапсырыста көрсетілген көлем толығымен жеткізілмей жатыр. Қазір халық келген дәрінің бәрін жаппай сатып алуда. Мысалы, қалыпты жағдайда 3 айға жететін дәріні тұрғындар бір аптаның ішінде талап алып кеткен. Бұл мәселе біздің аймағымызда ғана емес, бүкіл республика бойынша туындаған проблема. Яғни, қажеттіліке қарай тапсырыс берілуде. "СК-Фармация" стационарларға қажетті дәрі-дәрмекті уақытылы жеткізіп тұр. Тұрғындар арасында дәріханаларда дәрі-дәрмектің бағасының ретсіз өсуіне байланысты шағым көп. Осы салаға тұрақты мониторинг жасау және бағаны қатаң бақылау туралы облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырма берілді. Жұмыс атқарылуда", – деді аймақ басшысы.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу