Қызылорда әкімі 200 анаға дастархан жайды

1006

Қызылорда әкімі 200 анаға дастархан жайды

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай "Астана" мейрамханасында өткен мерекелік шараға қатысты, деп хабарлайды inform.kz.

Жиынға 200-ге жуық қыз-келіншек қатысты. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, ұлттық-мәдени орталықтардың мүшелері, журналистер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру мекемелері секілді әртүрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер бар. Салтанатты жиын барысында жергілікті өнерпаздар барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйласа, бүлдіршіндер де аяулы жандарға әсем әндерін арнады. Қатысушылардың барлығына қала әкімі арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу