Қызылорда әуежайы вьетнамдық инвесторға басқаруға берілгелі отыр

396

Стратегиялық нысандар сатылмайды.  

Қызылорда әуежайы вьетнамдық инвесторға басқаруға берілгелі отыр Фото: primeminister.kz

Қызылорда әуежайын вьетнамдық SOVICO Group компаниясына сенімгерлік басқаруға беру туралы келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, қазіргі таңда Қызылорданың Қорқыт Ата атындағы әуежайын белгілі бір мерзімге вьетнамдық тарапқа сенімгерлік басқаруға беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұл шешім әуежайдың жұмысын жақсарту мақсатында қабылданбақ. Алайда, бұл әуежай сатылады деген сөз емес, себебі стратегиялық нысандар сатылмайды.

"Вьетнам тарапымен келіссөздер жүріп жатыр. Бірақ бұл әуежайдың жұмысын жақсарту мақсатында вьетнамдық тараптың оны белгілі бір уақытқа басқаруға қатысты. Бұл сату емес, біз стратегиялық нысандарды сатпаймыз. Бұл Қызылорда әуежайына қатысты", – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сенат кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу