Қызылорда ауруханасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы бұзылған

95

Жауапты тұлғаларға ірі көлемде айыппұл салынды.

Қызылорда ауруханасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы бұзылған Фото: inbusiness.kz

Қызылордадағы ауруханалардың бірінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жоғарғы қабатта қабылдап келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық теміржол ауруханасындағы келеңсіздіктерді айтып қала тұрғыны құзырлы орынға шағымданды. Лифт стандартқа сәйкес келмейді және ол екінші қабатқа тоқтамайды. Жеке қабылдау жоғарғы қабатта өтеді, ал оған мініп-түсу мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қиын.

"Ауруханаға ұйғарым берілді, сондай-ақ талапты бұзғаны үшін 738 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірінші қабатта арнайы жабдықталған бөлмеде қабылдау мәселесі шешілді",  деді адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байқожаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу