Қызылорда диқандары су үнемдеу әдістеріне көшті

126

Биыл Қызылорда облысы Сырдария өзенінен былтырғыдан 700 млн текше метрге кем су алады.

Қызылорда диқандары су үнемдеу әдістеріне көшті Фото: saryarka-samaly.kz

Осыған байланысты диқандар тіршілік нәрін барынша үнемдеуге мәжбүр. Бір тәуірі, мемлекет тарапынан жаңа технологияларды енгізген шаруалардың шығыны субсидияланады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Жаңбырлатып суару да, тамшылатып суару да, суды үнемдеуге үлкен септігін тигізеді. Себебі суды тасымалдау бойындағы жаңағы фильтрация, булану, тағы да басқа жоғалтуларға ол жол бермейді, тікелей өсімдіктің тамырына беріледі, топыраққа сіңеді. Сондықтан бұл жалпы 20-25 пайыз суды үнемдеуге тікелей қол жеткізуге болады, – дейді Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ бас ғылыми қызметкері Серікбай Өмірзақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу